Оған облыс орталығынан және Ұлан, Глубокое аудандарынан келген командалар қатысты, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Турнир барысында әр өңірден жиналған қатысушылар өзара кім мықтыны анықтады.
– Соңғы кездері пробациялық есепте тұрған азаматтардың аяқдопқа да айрықша икемді екенін байқап жүрміз. Бұған облыстағы әр ауданда жиі ұйымдастырылып жүрген шағын футбол турнирлері дәлел болды. Істі болған азаматтар арасындағы спорт бәсекесі біртіндеп өңірлерде жалғасын тауып жатқаны да көңілді көншітеді. Біздің мақсат - сотталған адамдарды қоғамға қайта бейімдеу , – дейді әділет аға лейтенанты, ШҚО қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің Сол жағалау ауданы пробация қызметі бөлімінің инспекторы Дамир Ауғанбаев.
Турнир қортындысында бірінші орынды Солжағалау аудандық пробация қызметі есебінде тұрған адамдардан құралған топ жеңіп алды. Екінші орынды Үлбі аудандық пробация қызметінде есепте тұрған жандар иеленді. Үшінші орын глубокоелықтарға бұйырды.
Спорттық шара соңында ұйымдастырушылар мұндай турнирді дәстүрлі түрде жыл сайын өткізуге ниетті екендерін білдірді. Сонымен қатар турнирдің барлық қатысушысына жаңажылдық тәтті-дәмділерді тарту етті.
Пікірлер