Шығыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен келген Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары Ұлықбек Тұмашинов пен Ерлан Сайров Өскемен қаласындағы гемотологиялық орталықтың құрылыс жұмыстарымен танысты.
Бұл ірі жоба қан жүйесі мен кардио-тамыр жүйесі ауруларын диагностикалау мен емдеудің жоғары деңгейіне шығаруға арналған. Бұл елдегі медициналық көмектің сапасын едәуір арттыруға мүмкіндік береді. Облыс орталығында гематологиялық орталықтың құрылысы жалғасуда.
Орталық «AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасы аясында салынуда. Осы жылдың соңына дейін нысан қолданысқа беріледі деп жоспарланып отыр. Құрылыс жұмыстарының уақытылы сапалы орындалуы партияның тікелей бақылауында болады»,- деді ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Ерлан Саиров.
Нысан бірнеше корпусты қамтиды. Бас ғимаратта химиотерапия күндізгі стационары, балалар стационары, соматика, ересектер гематологиясы, кардиология және кардиохирургия, сондай-ақ сүйек кемігін трансплантациялау бөлімшелері орналасады, сонымен қатар консультациялық-диагностикалық бөлімше де жұмыс істейтін болады. Барлық құрылыс-монтаж жұмыстары өндірістік жұмыстар кестесіне сәйкес жүргізілуде.
«Нысанды осы күйінде қалдырмас үшін қажет қаражат бөлінді.Қазіргі уақыта құрылыстың ішік жұмыстары қалған.Тиісті құрал жабдықтарда сатып алынуда. Бекітілген мерзімде нысанның құрылыс жұмыстарын аяқтап қолданысқа беру қажет» - деді ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Ұлықбек Тұмашинов.
Жобаның жалпы құны – 71,3 млрд теңге. Құрылыстың басталуынан бері 37,7 млрд теңге игерілді. Қазіргі уақытта құрылыс жұмыстарының 78% орындалған. Өткен жылдың соңында нысанды аяқтау үшін қажетті 33,6 млрд теңге мемлекетке қайтарылған активтер есебінен бөлінді.
Пікірлер