A+ A A-

talgatzhan 18 8-01-2025, 16:27 0

ШҚО-да 9-қаңтарда қар жауып, бұрқасын болады

ШҚО

Ертең шығыстың басым бөлігінде таңертең қалың қар жауса, түнде бұрқасын болады, деп хабалайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

«Қазгидромет» ШҚ филиалының ақпараты бойынша 9 қаңтарда түнде облыстың солтүстігінде, шығысында қалың қар түседі, ал түнде бұрқасын. Күндіз облыстың батысында, шығысындажәнеоңтүстігінде тұман түсуі ықтимал. Солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-шығысқа ауысады, облыстың солтүстігінде, шығысында соғатын желдің екпіні 15-20 м/с болады.Облыс орталығында датүнде бұрқасын күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-шығысқа ауысады, түнде екпіні 15-18 м/с-ке дейін жетеді.

ШҚО ТЖД баспасөз қызметі облыс тұрғындарына қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауды ескертеді:

  • Мұндай ауа-райында ұзақ сапарларға шықпаңыз. Егер жолға шығудан басқа шешім болмаса, міндетті түрде жолға мұқият дайындалыңыз;

  • Өзіңізбен бірге арқан, күрек, әйнекті тазалауға арналған қырғыш, отын, шам, жылы заттар, телефон,қуатталған«PowerBank», қол шамы, азық-түлік қоры, ыстық шай құйылған термос,жылымата алыңыз;

  • Жолға шығар алдында жолдың жағдайынбіліп алыңыз.Мұны «Дәрмен» тегін ұялы қосымшасын жүктеу арқылыбілугболады. Мүмкіндігінше жолда байланыста болыңыз және қайда екеніңізді хабарлаңыз;

  • Жүргізушілерді дауылды ескертуді ескеруге, жолда жылдамдық режимі мен қашықтықты сақтауға шақырамыз;

  • Желсоққандаүйлердің қабырғаларына жақын жерде жасырынбаңыз, өйткені шатырлардан шатыртектес материалдардыңқұлауы мүмкін, қоғамдық көлік аялдамаларының, жарнама тақталарының артында, ағаштардың астында, электр беру желілерінің жанында тұрмаңыз;

  • Автокөліктерді ағаштардың жанына, сондай-ақ әлсіз нығайтылған құрылымдардың жанында қоймаңыз;

  • Төтенше жағдайлар туындаған кезде «112» нөміріне хабарлаңыз.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив