Шығыс Қазақстан облысының жасөспірімдері бірнеше додада оза шапты, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
4-11 қаңтар аралығында Өскемен қаласында өткен 2010-2011 жылы туған жасөспірім ұлдар арасында және Екібастұз қаласында өткен 2012-2013 жылы туған қыздар арасында волейболдан Қазақстан Республикасының қысқы чемпионатында ШҚО құрама командасы чемпион атанды.
Сонымен қатар Қызылорда қаласында өткен 2010-2011 жылы туған қыздар арасында өткен волейболдан Қазақстан Республикасының қысқы чемпионатында 18 команда арасында Шығыс Қазақстан облысының құрама командасы 3 орынға ие болды.
Пікірлер