«Қазгидромет» облыстық филиалының ақпаратынша, 14-қаңтарда облыстың солтүстігі мен оңтүстігінде тұман түседі, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Жел шығыстан, сондай-ақ оңтүстік-шығыстан соғады, облыстың батысында, оңтүстік-шығысында және орталығында желдің жылдамдығы 15-20 м/с, күндіз екпіні 23 м/с дейін жетеді. Облыс орталығында да таңертеңнен түнге дейін тұман түседі.
Осы ретте ШҚО ТЖД мамандары еске салады:
- маршрут бойынша жүру кезінде жол ережелерін қатаң сақтаңыз;
-ауа-райы нашарлаған жағдайда елдімекендерде, жанармай құю бекеттерінде, жол бойындағы дәмханаларда, ұйымдастырылған автотұрақтарға жақын жерде тоқтауға тырысыңыз.
-төтенше жағдайда “101” немесе “112"-ге қоңырау шалыңыздар.
Пікірлер