A+ A A-

talgatzhan 45 13-01-2025, 22:00 0

ШҚО әкімі құқық қорғау органдарының өкілдерімен кездесті

ШҚО

Аймақ басшысы Ермек Көшербаев ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Қайсар Сұлтанбаевпен және ШҚО Полиция департаментінің бастығы Ерлан Омарбековпен кездесті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Жиын барысында полиция департаментінің материалдық-техникалық базасын нығайту, сондай-ақ халық арасында құқық бұзушылықтарға «мүлдем төзбеушілік» қағидатын насихаттау, қоғамдық тәртіпті сақтау мәселелері талқыланды.

Сонымен қатар кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың алдын алу және мектептердегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету туралы айтылды. 2024 жылы «Жас сақшы» 10 полиция сыныбы ашылды. Оқу бағдарламасына мамандардың, полиция қызметкерлерінің қатысуымен өтетін құқық қорғау, алғашқы әскери дайындық және алғашқы медициналық көмек көрсету сабақтары енгізілді. 

Облыс әкімі өзекті міндеттердің қатарына тәртіп сақшыларының қызметіне кедергісіз жүгіну принципі, жаңа полиция пунктерін ашу, бейнебақылау жүйесін дамыту мен азаматтардың қауіпсіздігі үшін дабыл түймелерін орнату кіретінін атап өтті.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив