Өткен жылы өңірде дүниеге келген 8 306 баланың 97%-ы туберкулезге қарсы БЦЖ (BCG –Кальметт – Герен бацилласы) екпесін алған, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Бұл туралы ШҚО санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Сәуле Слямғазина Өңірдік коммуникациялар қызметі өткізген брифингте мәлімдеді.
- Биыл дүниеге келген 215 нәресте БЦЖ екпесін алмады, - деді Сәуле Слямғазина.
Бұл ретте 120 бала уақытша медициналық қарсы көрсетілімдерге байланысты, 68 бала ата-анасының бас тартуына байланысты, қалған 27 бала басқа да себептерге байланысты вакцина алмаған.
- Өткен жылғы көрсеткішпен салыстырғанда бұл көрсеткіш 17 пайызға азайды, - деп толықтырды департамент басшысының орынбасары.
Айта кетейік, өткен жылы балалар арасында туберкулездің екі жағдайы анықталған еді.
Пікірлер