A+ A A-

talgatzhan 33 17-01-2025, 10:40 0

Онкологиялық орталықта ашық есік күні өтеді

ШҚО / Бүгін

ШҚО Көпсалалы онкология және хирургия орталығында жатыр мойны обырының алдын алу бойынша ашық есік күні өтеді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

18 қаңтарда сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін ШҚО Көпсалалы онкология және хирургия орталығында ниет білдірушілер жетекші онкологтардан кеңес ала алады.

- Бұл күні әйелдер МӘМС жүйесіндегі мәртебесіне қарамастан орталықтың мамандардан кеңес ала алады. Дәрігерден жолдама қажет емес. Өзіңізбен бірге жеке куәлік алуыңыз қажет, - делінген мәліметте.

Ашық есік күні өтетін мекенжай: Өскемен, Потанин көшесі, 6, консультативтік-диагностикалық бөлімше (емхана).

Барлық сұрақтар бойынша мына телефондарға хабарласуға болады: 8 (7232) 48-91-51, 8-778-003-78-45.

Фотосурет: Instagram.com/onkocenter_vko

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив