A+ A A-

talgatzhan 31 20-01-2025, 17:15 0

ШҚО-да жасөспірімдер арасындағы қылмыс 30%-ға азайды

ШҚО

Облыс прокурорлары 3 мыңнан астам отбасыны аралап, «тәуекел тобындағы» балаларды анықтады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Жоба аясында 562 отбасыға арнайы көмек, оның ішінде 283 әлеуметтік, 270 материалдық, 9 отбасыға тұрғын үй көмегі көрсетілді. 119 ата-ана әртүрлі жұмысқа орналастырылды. Прокуратура органдарының, әкімдіктердің және полицияның бірлескен жұмысының арқасында өңірде кәмелетке толмағандар жасаған қылмытың саны 30%-ға төмендеген (2023 ж. 77-ден 2024 ж. 52-ге дейін).

- Балалардың құқықтарын бұзудың кез-келген фактісі туралы азаматтар Telegram мессенджеріндегі "Ұрпақ ШҚО" чат-ботына немесе 8 777 988 7608 сенім телефонына хабарлай алады. Прокуратура келіп түскен әрбір ақпаратты растаған кезде тиісті шараларды қабылдай отырып, жедел тексеретін болады, - делінген ақпаратта.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив