Өткен жылы өңірде жұмыс сағатының құны орташа есеппен 2,3 мың теңгеден 2,6 мың теңгеге дейін өсті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
2024 жылдың қаңтар-қыркүйекке дейінгі 9 айында бір қызметкерге шаққандажұмыс уақыты орташа есеппен бір айда 152,9 сағат болды. Бұл 2023 жылдыңдәл осындай кезеңімен салыстырғанда 1,4% - ға артық. Өткен жылдың қаңтар–қыркүйек айларында жалдамалы қызметкердің орташа айлық жалақысы 391,7 мың теңгені құрады.
- Мәселен, бір сағаттық жұмыс уақытының ең үлкен төлемі Атырау облысында - 3,9 мың теңге, орташа айлық жалақы 158,6 сағат үшін - 613 мың теңге. Одан кейін Маңғыстау және Ұлытау облыстары - 3,7 мың және 3,6 мың теңге. ШҚО-да бұл көрсеткіш 2,6 мың теңгені құрады.
Түркістан және Солтүстік Қазақстан облыстарында бір сағаттық жұмыс уақыты үшін ең аз жалақы төленеді: әр өңірде тек 1,8 мың теңге.
Фотосурет:ortcom.kz
Пікірлер