Қазгидромет өкілдері қыстың соңғы айына арналған ауа райы болжамын жариялады, деп Buqara.kz сайтының тілшісі.
"Қазгидромет" РМК мәліметі бойынша, ақпан айының бірінші онкүндігінде сынап бағанасы түнде -15-20°С-тан (облыстың таулы аудандарында-25-30°С)-2-7°С-қа дейін, күндіз-7-12°С-тан (таулы аудандарда -17°С-қа дейін) 0,+5°С-ты көрсетеді.
Екінші онкүндікте ауа температурасы төмендейді деп болжанған. Нақты айтқанда, түнде-32-37°С дейін (солтүстікте және таулы аудандарда -42°С дейін), күндіз-22-27°С дейін (облыстың солтүстігінде және таулы аудандарында -30°С дейін).
Үшінші онкүндікте аяздың әлі кетеді, бірақ айтарлықтай көп емес. Түнде-32-37°С-тан-15-20°С-қа дейін (солтүстікте және таулы аудандарда -42°С-тан -25°С-қа дейін), күндіз-22-27°С-тан (солтүстікте және таулы аудандарда -30°С) - 10-15°С-қа дейін болады
Бір айда жауын-шашын мөлшері жылдағы қалыпты жағдайға жақын болады деп күтілуде. Яғни әдеттегідей ақпан айында түсетін қардың нормасы сақталады
Пікірлер