Өңірде халық пен кәсіпорындар тұтынатын газдың болжамды көлемі жылына 2 миллиард текше метрді құрайды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Мемлекет басшысының газдандыру жөніндегі тапсырмасы аясында 2024 жылғы 17 қаңтарда ҚР Үкіметі мен «Газпром» ЖАҚ арасында Ресей газын елдің солтүстік және солтүстік-шығыс аймақтарына жеткізу жөніндегі Жол картасына қол қойылды.
- Әкімдік «КАТЭК» ЖШС жобалау ұйымымен бірлесіп ресейлік газдың ықтимал жеткізілімдерін ескере отырып, газдандырудың өңірлік схемасын жаңартты. Құжатқа сәйкес, алдағы уақытта облыстағы 205 елдімекенді газдандыру жоспарға алынған, - деді ШҚО Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Нұрлан Рамазанов.
Бүгінде облыстық Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы көршілес Ресеймен әрі қарай жұмыс істеу үшін барлық тиісті есептеулерді Энергетика министрлігіне жібергенін мәлімдеді.Қажет болса, келіссөздерден кейін қолданыстағы жоспарлар түзетіліп, жаңартылатын болады.
- Егер Қазақстан Республикасын газдандырудың бас схемасын негізге алсақ, 2035 жылға дейін Шығыс Қазақстан облысын толық газдандыру жоспарға алынбаған. Бірақ бұл схема үнемі жаңарып отырады, - дейді Нұрлан Сағыбекұлы.
Пікірлер