A+ A A-

talgatzhan 40 22-01-2025, 16:00 0

ШҚО-да ыс тигендердің саны 47%-ға азайды

ШҚО

Өңірде жылыту маусымы басталғалы бері 812 көмірқышқыл газының датчигі орнатылды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Шығыс Қазақстан облысында тұрғын үйлердегі өрт қауіпсіздігін сақтау мақсатында 125 мыңнан астам үй аралау жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзған 1379 үй анықталды.

Негізінен, талапты бұзған тұрғындардың көбінде пеште ақау бар: пештердегі жарықтар мен саңылаулар, уақытылы тазаланбаған мұржалар, пеш алдындағы қорғаныш металл табақшалардың болмауы, пеш маңында жанғыш заттардың орналасуы, сондай-ақ электр желілерінің дұрыс жалғанбауы, сымдардың қосарланып жалғануы, ашық сымдар, бекітілмеген электр тосаптары. ТЖД мамандарының профилактикалық жұмыстарының нәтижесінде қайталама тексерулер барысында анықталған 234 үйде бұзушылықтар толық жойылды. Әр үйдің өкіліне өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау бойынша нұсқаулық берілді, - деді ШҚО ТЖД мамандары.

Профилактикалық шаралар өрттен қаза табу көрсеткішін 7%-ға азайтқан. Жылу беру маусымы басталғалы ыстан улану жағдайлары өткен жылмен салыстырғанда 47%-ға төмендеді, ал көмірқышқыл газынан қаза тапқандар тіркелген жоқ. Бүгінде үйлердің 86%-ы көмірқышқыл газының датчиктерімен қамтамасыз етілген.

Фотосурет ашық дереккөзден

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив