A+ A A-

talgatzhan 39 24-01-2025, 10:55 0

Осинов асуындағы айналма жолдың құрылысы биыл аяқталады ма?

ШҚО / Бүгін

8 жыл бұрын басталған «Өскемен-Алтай-Рахман қайнары» тасжолындағы құрылыс биыл аяқталуы тиіс, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

2017 жылы басталған құрылыс жоспар бойынша 2020 жылы бітуі тиіс еді. Әуелі жол қиылыстарының күрделілігіне қарамастан құрылыс жұмыстары уақтылы жүріп жатты. Бірақ 2018 жылдың күзіне қарай қызу жүріп жатқан жұмысты тоқтатуға тура келді. Анықталғандай, жолдың біршама бөлігі орман қорына тиесілі. Бүгінде бұл мәселенің түйткілі шешіліп, араға бес жыл салып 2023 жылы жөндеу жұмыстары қайта жанданған.

- Жол екі бөліктен тұрады. Екі жолда 16 шақырымнан, яғни барлық жолдың ұзындығы – 32 шақырым. Бірінші нысанда құрылыстың құнын қайта есептеу жұмыстары жүргізіліп, өскемендік «Құрылыс Group» мердігер компаниясы тендерді ұтып алған. Жалпы жер жұмыстарының 90 пайызы аяқталды. Пихтовка шатқалы арқылы өтетін биіктігі 19-42 метрлік жеті тірегі бар, ұзындығы 140 метрді құрайтын көпір салынса, бірінші бөлік 2025 жылдың соңына дейін іске қосылады. Ал екінші бөлікте жол жөндеу жұмыстары жүргізетін мердігер әлі анықталмады. Десе де бұл бөлігінде бар болғаны жөнделетін 3,5-4 шақырым жол қалды. Егер дер кезінде мердігер анықталып, жөндеу жұмыстары жүріп кетсе, екі нысанды қосып, жолды 2025 жылы қолданысқа беру жоспарда бар, - деді ШҚО Жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Нұржан Жұмаділов.

Дидар ЕРБОЛАТҚЫЗЫ

Фотосурет: yk-news.kz

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив