A+ A A-

talgatzhan 0 24-01-2025, 12:15 0

ШҚО-да демалыс күндері қатты аяз болады

ШҚО / Бүгін

Шығыста сынап бағанасы 40°C-қа дейін төмендейді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

«Қазгидромет» РМК ақпараты бойынша, облыс орталығында жұмадан сенбіге қараған түні сынап бағанасы -27-29 °C, 25-қаңтар (сенбі) күндізгі уақытта - 15-17 °C, сенбіден жексенбіге қараған түні -20-22 °C, 26 қаңтар күні түстен кейін (жексенбі) -12-14 °C көрсетеді деп күтілуде.

- Жалпы ШҚО бойынша бүгін түнде түнде -30-35°C, облыстың солтүстігінде, шығысында -40°C болады. Сенбі күндіз орташа температруа – 20-25°C болса, облыстың солтүстігінде, шығысында -28, облыстың оңтүстігінде -15 °C болады. Сенбіден жексенбіге қараған түні сынап бағанасы -25-30-ды көрсетеді , облыстың солтүстігінде, шығысында -35, облыстың оңтүстігінде -20 °C. 26-қаңтар күндіз - 15-20, облыстың солтүстігінде, шығысында -23, облыстың оңтүстігінде -12 °C дейін аяз болады, - делінген синоптикатер берген ақпаратта.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив