A+ A A-

talgatzhan 36 29-01-2025, 12:35 0

ШҚО-да мопедтерді тіркеу басталды

ШҚО

Өңірде жаңа заңнама талаптарына сәйкес алғашқы мопедтер тіркелді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

2025 жылдың 5 сәуірінен бастап мопедтер механикалық көлік құралдарына теңестірілетін болғандықтан, бұл белгілі бір ережелерді сақтауды талап етеді. Енді аталған көлік құралдарын пайдалану үшін төмендегідей шарттар орындау қажет:
• полицияда мемлекеттік тіркеуден өту;
• A, A1 немесе B санатындағы жүргізуші куәлігінің болуы;
• техникалық байқаудан өту;
• азаматтық-құқықтық жауапкершілік сақтандыру полисінің болуы.
Мопедтерді тіркеу Өскемен қаласының мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығында (мамандандырылған ХҚКО) жүргізілуде. Ол үшін:
1. Жеке куәлікті (электронды форматта да қарастырылады) болуы.
2. Техникалық паспорт немесе көлік құралының сипаттамалары көрсетілген құжаттардың болуы.
3. Өтініш толтыру.
4. Мопедті тексеруден өткізу.
5. Мемлекеттік баж салығын төлеу қажет.
- Заңнамалық өзгерістер күшіне енген сәттен бастап тіркелмеген мопедті басқаруға, сондай-ақ жүргізуші куәлігінсіз жүруге тыйым салынады. Жүргізушілерге алдын ала тіркеу рәсімінен өту, қажет болған жағдайда – автомектептерде оқудан өту ұсынылады, - делінген ШҚО ПД баспасөз қызметі берген ақпаратта.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив