A+ A A-

talgatzhan 34 4-02-2025, 17:03 0

ШҚО-ның жеті ауданына су тасқыны қаупі төніп тұр

ШҚО / Бүгін

Өңірдегі Зайсан, Тарбағатай, Күршім, Глубокое, Ұлан, Самар және Алтай аудандары су тасқыны қаупі жоғары аймақтардың қатарына енді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

"Қазгидромет" РМК-ның гидрометеорологиялық орталығы қардың еруіне және өзен сулары деңгейінің жоғарылауына сүйене отырып, 2025 жылғы су тасқыны кезеңіне арналған алдын ала болжамды ұсынды.

- Барлық аймақтар мен аудандар үш санатқа бөлінді: жоғары, орташа және төмен тәуекел. Елдегі су тасқыны қаупі жоғары аймақтар: БҚО, СҚО, ШҚО, Абай, Ақмола, Ақтөбе, Қарағанды, Қостанай және Ұлытау облыстары. Болжам көпжылдық гидрологиялық мәліметтерге, соның ішінде жауын-шашынның жиналуы, мұздату тереңдігі және топырақтың ылғалдылығына қарай негізделген, - деді "Қазгидромет" РМК мамандары.

Облыстағы Зайсан, Тарбағатай, Күршім, Глубокое, Ұлан аудандары, сондай-ақ Самар және Алтай ауданы жоғары тәуекел аймағында. Ал Катонқарағай, Үлкен Нарын, Марқакөл аудандары мен Риддер қаласы орташа тәуекел аймағына енді.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив