Жыл басталғалы 1 айда 234 қазақстандық өз - өзіне қол жұмсады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда бұл көрсеткіш 3 адамға (немесе 1,3% - ға) аз. Өзіне қол жұмсағандардың көбі ер адамдар (192 немесе 82,1%). Айта кетейік, бұл статисканың 5,6% - ы кәмелетке толмағандарға тиесілі (3 адам). Олардың 11-і толық отбасында өскен.
Алматы облысы өз-өзіне қол жұмсағандардың көрсеткіші көш бастап тұр (24 адам). Кейінгі орындарға Түркістан (23 адам) және Ақтөбе (20 адам) облыстары жайғасқан. Ал Шығыс Қазақстанда 12 адам өз-өзіне қол салған.
Пікірлер