«Қазгидромет» облыстық филиалының ақпаратынша, 12 ақпанда облыстың солтүстігінде, оңтүстік-шығысында бұрқасын күтіледі, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Сондай-ақ облыстың шығысында және оңтүстігінде тұман түсуі ықтимал.
Осы ретте ШҚО ТЖД мамандары еске салады:
- маршрут бойынша жүру кезінде жол ережелерін қатаң сақтаңыз;
-ауа-райы нашарлаған жағдайда елді мекендерде, жанармай құю бекеттерінде, жол бойындағы дәмханаларда, ұйымдастырылған автотұрақтарға жақын жерде тоқтауға тырысыңыз.
-төтенше жағдайда “101” немесе “112"-ге қоңырау шалыңыздар.
Пікірлер