8-9 ақпанда Бұқтырма су қоймасының Торанғы мүйісінде кезекті рейд өткізілді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
- Барлығы 12 браконьерлік желі табылды. Торға түскен тірі балық суға қайта жіберілді, ал қалған 39 келі өлі балық Самар ауданындағы арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығына тегін берілді, - деді "Орман және аңшылық шаруашылығының жедел ден қою жасағы" ММ баспасөз хатшысы Мақсат Шәкіров.
Алғабас ауылының жанындағы қоқыс полигонында броконьерлік торлар өртенді.
Пікірлер