A+ A A-

talgatzhan 35 13-02-2025, 16:00 0

ШҚО-да дауылды ескерту жарияланды

ШҚО / Бүгін

«Қазгидромет» облыстық филиалының ақпаратынша, 14 ақпанда облыстың солтүстігі мен шығысында бұрқасын күтіледі, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Жел оңтүстіктен соғады, түнде облыстың солтүстігінде жел екпіні 15-20 м/с-ке дейін жетеді.  Облыс орталығында да ауа райы құбылмалы, қар мен бұрқасын күтіледі.

ШҚО ТЖД қолайсыз ауа райы кезінде алыс сапарға шықпау керектігін ескертеді:

- жол жүру кезінде ережелерді қатаң сақтаңыз;

- ауа райы нашарлаған жағдайда елдімекендерде, жанармай құю бекеттерінде, жол бойындағы дәмханаларда, ұйымдастырылған автотұрақтарға жақын жерде тоқтауға тырысыңыз. 

- төтенше жағдайда “101” немесе “112"-ге қоңырау шалыңыздар.

Фотосурет ашық дерекөзден

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив