Орманшылар өңірде қардың мол түсуіне байланысты жабайы жануарларға жем-шөп табу қиын дейді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
- Мемлекеттік орман қоры аумағында жабайы жануарлардың өлімін болдырмау үшін Тархан орманшылығының қызметкерлері биотехникалық іс шаралар өткізді. Қарда жүруге арналған қызметтік көліктер арқылы жануарлар жиі шоғырланатын аумақта жем-шөптер төселді, - -деп хабарлады "Өскемен орман шаруашылығы" КММ.
Айта кетейік, мұндай іс-шаралар басқа орманшылықтарында, соның ішінде ұлттық парктер мен табиғи қорықтар аумағында да өткізіледі.
Фотосурет: Instagram.com/oskemen_orman
Пікірлер