A+ A A-

talgatzhan 38 13-02-2025, 20:00 0

Өскеменде қоғамдық көлікке енгізілетін «ONAY!» жүйесі арқылы нақты жолаушылар ағыны есептелмек  

ШҚО

Өскемен қаласында қоғамдық көлікке енгізілетін «ONAY!» жүйесі арқылы нақты жолаушылар ағыны есептеледі, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.  

1 наурыздан бастап Өскеменде автобустар мен трамвайлар «ONAY!» жүйесіне қосылайын деп отыр. Осыған орай бүгін қалада брифинг өтті. Оған қатысқан Алматы қаласының «Көлік холдингі» ЖШС бас директоры Дәурен Сәбитов жүйенің басты артықшылықтарын айтып берді. 

- Мобильді қосымша арқылы кез келген банк картасымен жолақысын төлеуге, қосымшадан әр автобустың қайда келе жатқанын көріп отыруға болады. Сондай-ақ осы арқылы тасымалдаушы компаниялардың табысы артып, көлеңкелі айналымды азайтға мүмкіндік тумақ. Қоғамдық көліктің тұрақты қатынауы да 95%-ға дейін қамтамасыз етіледі. Соңғы үш жыл ішінде жүйе енгізілген қалаларда автобустардың 97%-ға жуығы жаңартылған, - дейді ол. 

Ал Өскемен әкімдігі «ONAY!» арқылы әр автобус маршрутында нақты қанша адам жүретінін анықтауға ниетті. 

- Статистикалық деректер жиналған соң қоғамдық көліктер балалар үшін тегін болуы ықтимал. Қазіргі таңда қаладағы барлық тасымалдаушы компаниямен келісімшарт жасалды. Осылайша, 300-ден астам қоғамдық көлік жаңа жүйеге көшеді, – деді қала әкімінің орынбасары Абзал Маулетханов.

Айта кетейік, бұған дейін «ONAY!»жүйесі Алматы, Қарағанды, Теміртау, Балқаш, Саран және Талдықорған қалаларында енгізілген.  

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
1 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив