Акция ШҚО Қан орталығында ұйымдастырылады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Қайырымдылық акциясы 15 ақпанда сағат 8:30-дан 13:00-ге дейін Көкжал Барақ көшесінде өтеді.
- Сіздерді "Донорлық акцияға" қатысуға шақырамыз. Бұл күні сіздер қан тапсыру арқылы қанша адамның өмірін сақтап қаласыздар. Егер сіз 18 жастан асқан болсаңыз, өзіңізді жақсы сезінсеңіз, қан тапсыруға қарсы көрсетілімдер болмаса және салмағыңыз кемінде 50 келі болса, онда сіз донор бола аласыз. Жеке куәлікті өзіңізбен бірге алып келуді ұмытпаңыздар. Қосымша ақпаратты 8 (7232) 7008; 8 (7232) 703838 немесе 8 705 752 0964 байланыс нөмілері арқылы білуге болады, - делінген ақпаратта.
Пікірлер