Бұл туралы «Орман және аңшылық шаруашылығының жедел қимыл отряды» мәлім етті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
- 16 ақпан күні кешке Глубокое ауданындағы мемлекеттік қордың аумағында бұрын болмаған бірнеше қақпанды таптық. Олардың бірінде бұлғын болды. Жануар тұзақтан босатылып, қақпан тәркіленді. Оларды орнатқан адам әлі табылған жоқ, аймақты тінту жалғасады, - деді «Орман және аңшылық шаруашылығының жедел қимыл отряды» ММ инспекторы Вадим Литвиненко.
Пікірлер