A+ A A-

talgatzhan 34 18-02-2025, 17:45 0

ШҚО-да наурыз айында ауа райы қандай болады?

ШҚО / Бүгін

"Қазгидромет" РМК болжамына сәйкес, наурызда орташа ауа температурасы нормадан екі градусқа жоғары болады деп күтілуде, деп хабарлайды Buqara.kz сайының тілшісі.

Көктемнің алғашқы айында жылы күндер көп болуы мүмкін. Бірінші онкүндікте ауа температурасы түнде -12-17-ден 0-ге дейін, кейде-5°С-қа дейін, күндіз -4-9-дан +1+6°С-қа дейін жылиды.
Екінші онкүндікте температура алдымен сәл көтеріледі, тіпті түнде кейбір аудандардағы термометр бағандары -3+2°C көрсетуі мүмкін. Күндіз сынап бағанасы 0, -5-тен +1+6°C-қа дейін көтеріледі.
Үшінші онкүндікте ауа температурасы қайта өзгереді. Яғни түнде-4-9-дан -3+2°С-қа дейін, күндіз 0, -5-тен +1+6°С - қа дейін.
Жауын-шашынға келетін болсақ, наурыз айында қар да, жаңбыр да жиі жаумақ.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив