A+ A A-

talgatzhan 41 21-02-2025, 09:50 0

ШҚО-да туберкулезге қарсы екпені 8091 бала алған

ШҚО / Бүгін

Өңірде балаларды профилактикалық екпемен қамту деңгейі 95%-100%-ға жетті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Бұл туралы ШҚО Санитарлық-эпидеоломиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Сәуле Слямғазина Өңірлік коммуникациялар қызметі өткізген брифингте мәлімдеді. 

- Әсіресе бір жасқа дейінгі балаларды вакцинациялау сәтті жүргізілді. Мысалы, туберкулезге қарсы қорғаныс беретін БЦЖ екпесі 8091 бала және 1 жасқа дейінгі учаскелерде 90 бала егілді, В гепатитіне қарсы вакцинация 7997 бала және 1 жасқа дейінгі учаскеде - 19 баланы құрады. АКДС3+Hib3 алғашқы кешенін 7727 бала алды, -деді Сәуле Слямғазина.

Сондай-ақ 16-17 жастағы жасөспірімдер арасында дифтерия мен сіреспеге қарсы АДС-М вакцинасын 95,3% жасөспірім қабылдады. Ересек тұрғындарды иммундау да басым бағыттардың бірі болып қала береді. Жыл ішінде дифтерия мен сіреспеге қарсы екпені 17 564 адам алды, бұл жоспарланған көрсеткіштің 84,2%-ын құрады.

2024 жылы өңірде жатыр мойны обырының негізгі себептерінің бірі саналатын АПВ-ға қарсы вакцинация енгізілді. Облыста 11-13 жас аралығындағы 3270 қыз бала бұл вакцинаның алғашқы дозасын алды.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив