Глубокое ауданының 39 жастағы тұрғыны тыныс алуы бұзылып, дене қызуы артып, сол жақ көз ұясы ісіп және көру қабілетінің күрт төмендеуіне байланысты облыстық ауруханаға келген, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
- Бір ай бұрын ер адам ЖРВИ-мен ауырып, ағзасында синусит белгілері пайда болған. Халық емімен емделмек болған азамат бір аптадан кейін ауруы басылса да, көз ұясында ауырсыну белгілері сезіліп, көру қабілеті төмендеген, - деді ШҚ облыстық ауруханасының өкілдері.
Анықталғандай, науқас мұрынын түймедақ инфузиясымен жуып, мия тамырын қабылдаған. Глубокое тұрғынына шұғыл операция жасалды. Қазір жағдайы бірқалыпты, көру қабілеті орнына келе бастаған.
Пікірлер