A+ A A-

talgatzhan 38 25-02-2025, 10:35 0

Өткен жылы ШҚО-ға 269 этникалық қазақ көшіп келген

ШҚО / Бүгін

Былтыр өңірге 269 қандас келген, оның ішінде 110-ға жуық этникалық қазақ Глубокое ауданына қоныстанды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Атамекенге оралған қазақтар Күршім, Шемонаиха, Ұлан және Тарбағатай аудандарына да қоныстанды.
Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының мәліметінше, өңірге келген қандастардың жартысынан көбі ҚХР мен Моңғолиядан, алты адам Өзбекстаннан, біреуі Ресейден келген.
- Этникалық қазақтарға субсидия түрінде мемлекеттік қолдау шаралары ұсынылады. Өткен жылы көшуге төленген субсидиялар сомасы 65 миллион теңгені құрады, оны 78 отбасы алды. 6 миллион теңге тұрғын үйді жалға алғаны үшін өтемақы төленді. 74 отбасы тұрғын үй сатып алуға экономикалық ұтқырлық сертификаты ретінде 291 миллион теңге алды, - деп атап өтті ШҚО жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы басшысының м.а. Динара Қожанова.
Облысқа келген 178 этникалық қазақ еңбекке қабілетті. 70 қандас тұрақты жұмыс орындарына орналастырылды. Ал биыл 269 қандас келетіні белгілі болды.

Фотосурет: gov.kz

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив