A+ A A-

talgatzhan 34 25-02-2025, 11:15 0

ШҚО-да түрмеге тыйым салынған заттарды кіргізбек болғандардың жолы кесілді

ШҚО / Бүгін

Шығыс Қазақстан облысы бойынша ҚАЖ департаментінің №17 және №18 түзету мекемелерінің қызметкерлері колония аумағына тыйым салынған затты өткізбек болғандардың жолын кесті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Бірінші оқиға түн ортасында №18 түзету мекемесінде болған. Түрме сыртынан ішке қарай 10-нан астам түйіншек лақтырмақ болған ер адам ұсталды. Жеке тінту кезінде өсімдік тектес зат салынған 12 түйіншек пен жарықшамы бар оттық табылды. Тәркіленген зат сараптамаға жіберілді. Мамандардың алдын ала мәліметінше, бұл – кептірілген марихуана.
Операцияға 5511 әскери бөлімінің қызметкерлері, кинологиялық қызмет мамандары, полиция бөлімінің және түзету мекемесінің өкілдері қатысты. Оқиға орнына Шемонаиха ауданының полиция бөлімінің жедел-тергеу тобы шақырылған.
Екінші жағдайда №17 түзету мекемесі маңында үшінші курс студенті ұсталды. Одан смартфондар мен бес түйіншек тәркіленді. Екі құқық бұзушы да жауапкершілікке тартылады. Нақты айтқанда, есірткі тасымалдаушыға – қылмыстық, ал студентке – әкімшілік жаза қарастырылған.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив