A+ A A-

talgatzhan 1 25-02-2025, 16:30 0

ШҚО-да дауылды ескерту жарияланды

ШҚО / Бүгін

«Қазгидромет» РМК шығыстағы филиалының ақпаратынша, 26 ақпанда түнде және таңертең облыстың солтүстігінде тұман түседі, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Оңтүстік-шығыстан соғатын желдің бағыты оңтүстік-батысқа ауысып, күндіз облыстың оңтүстігінде желдің екпіні 15-18 м/с құрайды. Ал облыс орталығында түнде және таңертең тұман түсуі ықтимад.
- Мұндай метежағдайларда көлік жүргізушілері мұқият болып, жылдамдық режимін сақтауы керек. Желдің қатты екпінінін сезсеңіз үй қабырғаларында, аялдамаларда, жарнама тақтайшалардың жанында, ағаштардың астында тығылмаңыз.Үзілген сымдар мен тербелмелі маңдайшаларға жақындамаңыз. Автокөлікті шіріген, ескі және жалғыз тұрған ағаштардың жанында қалдырмаңыз. Төтенше жағдай кезінде бірден «112» нөміріне хабарлаңыз, - деп ескертті ШҚО ТЖД мамандары.

Фотосурет сайт мұрағатынан

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив