Ұлттық статистика бюросының сайтында халық санағы жаңартылды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Бюроның мәліметінше, жылдың алғашқы айында облыс халқының саны 723,9 мың адамды құрады, оның ішінде 485,7 мың адам (67,1%) қалада тұрса, 238,2 мың адам (32,9%) - ауыл тұрғыны.
Былтыр жыл көлемінде халықтың табиғи өсімі 309 адамды құрады.
Өткен жылы туғандар саны 8502 адамды құрады (2023 жылғы қаңтар-желтоқсанға қарағанда 2,6%-ға аз). Ал қайтыс болғандар саны 8193 адамды құрады (2023 жылғы қаңтар-желтоқсанға қарағанда 2% - ға көп).
Пікірлер