A+ A A-

talgatzhan 37 6-03-2025, 16:20 0

ШҚО-ның 79 ауылында алғаш рет орталық көшелерге асфальт төсеу басталды

ШҚО / Бүгін

Шығыс Қазақстан шенеуніктері жол құрылысындағы сапаны бақылауды үйренді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Жолдың бір қыстан кейін бұзылмай, ұзақ жылдарға шыдас беруін қалай қамтамасыз етуге болатынын талқылау мақсатында мамандар облыс орталығындағы Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінде оқыту семинарына жиналды.

Семинарға аудандық әкімдіктер мен ауылдық округтердің, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық (ТКШ) бөлімдерінің мамандары, «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ және жолаушылар көлігі басқармасының өкілдері – барлығы 25 маман қатысты. Спикерлер ретінде Астана мен Өскеменнен келген жетекші сарапшылары сөз сөйледі.

- Біз порталмен қалай дұрыс жұмыс істеу керек екенін, құжаттарды қалай толтыру керектігін және жол сапасын тексеруде қандай технологиялар қолданылатынын білдік. Қазір тіпті диагностика автоматтандырылған! Жол саласындағы цифрландыру қарқынды дамуда, біз де бұл үдерістен қалыс қалмауымыз керек, - деді Сартерек ауылдық округі әкімдігінің бас маманы Ляззат Бисекенова

Семинар қатысушылары жол инфрақұрылымын одан әрі дамыту және инновациялық шешімдерді енгізу мәселелерін талқылады.

- Оқыту бағдарламалары жергілікті билік органдарының бақылау жүйесін жетілдіріп, жол құрылысының барлық кезеңдерінде жоғары сапаны қамтамасыз етуге көмектеседі. Мамандардың кәсібилігі неғұрлым жоғары болса, Шығыс Қазақстан жолдары соғұрлым сенімді болады, - делінген «Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» ШҚО филиалының баспасөз қызметі берген мәліметте.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив