Саябақ Протозанов және Қабанбай батыр көшелерінің қиылысында бой көтерді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Қала әкімдігінің хабарлауынша, биыл облыс орталығында бірнеше жаңа саябақ салынады.
Солардың бірі – облыстық филармонияның (бұрынғы Мәдениет сарайының) жанында орналасады. Қазір бұл аумақ қараусыз қалып, бұталар басып кеткен.
Күні кеше құрылыс жұмыстары бастау алды. Қазіргі уақытта дайындық жұмыстары жүргізілуде. Мәселен, тротуар плиткасын төсеу үшін негіз дайындалып жатыр.
Пікірлер