A+ A A-

talgatzhan 39 14-04-2025, 15:20 0

ШҚО-да 26 мыңнан астам тұрғын көлік салығын әлі төлемеген

ШҚО / Бүгін

Облыстық мемлекеттік кірістер департаментінің мәліметінше, жалпы қарыз сомасы шамамен 861,1 млн теңгені құрайды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі

Департаменттегілер 2024 жылға арналған жеке тұлғалардың көлік құралдарына салынатын салықты төлеу мерзімі 2025 жылғы 1 сәуірде аяқталғанын еске салды. 

- 2 сәуірден бастап әрбір кешіктірілген күн үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген ресми қайта қаржыландыру мөлшерлемесінің 1,25 еселенген мөлшерінде өсімпұл есептеледі. Төлем неғұрлым ұзақ уақытқа кешіктірілсе, қарыз сомасы соғұрлым артады. Уақтылы төленбеген жағдайда салық органдары борышты өтеу туралы хабарлама жібереді, оны 30 жұмыс күні ішінде өтеу қажет. Егер осы мерзім аяқталған соң да салық төленбесе және қарыз сомасы 1 АЕК-тен асатын болса, бес жұмыс күні ішінде орындалуы тиіс салықтық бұйрық шығарылады. Кейін қарызды мәжбүрлеп өндіру үшін жеке сот орындаушыларына жіберіледі, – деп атап өтті департаментте.

Сонымен қатар мүлікке тыйым салу, оны тәркілеу, шоттарды бұғаттау және елден шығуға тыйым салу шаралары қолданылады.Бұдан бөлек, жеке сот орындаушыларының қызметтері үшін қарыз сомасының 25%-ы көлемінде қосымша төлем өндіріледі.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив