Өскемен әкімі жол жөндеушілерге халық шағымына жедел ден қойып отыруды тапсырды
Алмат Ақышов қала жолдарын жөндеуге тартылған мердігер ұйымдардың өкілдерімен жұмыс кездесуін өткізді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Алмат Талғатұлы сапаны бақылауды күшейту, жұмыс кестесін қатаң сақтау және қала тұрғындарының шағымдарына жедел ден қою жөнінде тапсырма берді. Бұл туралы қала әкімінің баспасөз қызметі хабарлап отыр.
«Әрбір мердігер түсінуі тиіс: жұмыс тек стандарттарға толықтай сай болған жағдайда ғана қабылданады. Мерзімдердің орындалуын өзім жеке қадағалайтын боламын», – деді Өскемен әкімі.
Бүгінде мердігер ұйымдар шұңқырларды жамау жұмыстарын жүргізуде. Сонымен қатар орташа жөндеу жүргізілетін учаскелер де анықталған.
Пікірлер