A+ A A-

talgatzhan 49 16-05-2025, 10:30 0

ШҚО-да мемлекеттік активтерді пайдалануға және бюджетті жоспарлауға қатысты жүргізілген аудит қорытындысы шығарылды

ШҚО / Бүгін

ШҚО бойынша тексеру комиссиясының отырысында шаһардағы жергілікті атқарушы органдар қызметіне жүргізілген мемлекеттік аудиттің қорытындысы қаралды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Аудит мемлекет активтерін пайдалану, жергілікті бюджет қаражатын жоспарлау мен орындау, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдар қызметінің өңір экономикасына және әлеуметтік салалардың дамуына әсер ету деңгейін бағалауға бағытталды. Мұнда аудитпен 12 нысан қамтылды. 2022–2024 жылдар аралығында тексерілген қаражат пен активтердің жалпы көлемі 166,9 млрд теңгеден асты.
Өңірдің 2021-2025 жылдарға арналған даму жоспарын іске асыру барысын талдау нәтижесінде, Өскемен қаласы бойынша бірқатар нысаналы индикаторлардың орындалмағаны анықталды. Атап айтқанда:
•2022 жылы – 33 көрсеткіштің 6-ы (18,2%);
•2023 жылы – 2 көрсеткіш (6,1%);
•2024 жылы жоспарланған 7 индикатордың 4-і (57,1%) орындалмаған.
Анықталған негізгі жүйелік проблемалар қатарына мыналар жатқызылды:
•қаланы дамытудың бекітілген бағдарламалық құжатының болмауы;
•экологиялық жағдайды жақсарту бойынша шаралардың қабылданбауы;
•заңнамалық қайшылықтардың жергілікті органдардың өкілеттіктерін іске асыруды қиындатуы;
•лауазымды тұлғалардың өз функционалдық міндеттерін тиісінше орындамауы.
Қаржылық бұзушылықтар қатарында:
•орындалмаған жұмыстар бойынша актілерді негізсіз қабылдау,
•еңбекақыны артық төлеу,
•шарттық міндеттемелердің орындалмауы,
•бухгалтерлік есеп жүргізудегі заңбұзушылықтар тіркелді.
Тексеру комиссиясының мүшесі Данияр Қасеновтің айтуынша, әкімшілік құқық бұзушылық белгілері бар материалдар тиісті уәкілетті органдарға әкімшілік іс қозғау үшін жолданды.
-  Бұдан бөлек, Тексеру комиссиясы өз бетінше қараған 8 материал бойынша Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 234-1-бабына сәйкес айыппұлдар салды, - деді ол.
Айта кетейік, отырыстың қорытындысында аудит объектілеріне бұзушылықтарды жою және қаланың тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ету үшін нақты ұсынымдар мен нұсқамалар берілді.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
1 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив