A+ A A-

talgatzhan 29 3-10-2024, 10:50 0

ШҚО-да әлеуметтік маңызы бар тауарлар тізімі өзгере ме?

ШҚО / Бүгін

Жуықта өңір кәсіпкерлері осыны мәселе етіп көтеріп, министрлік өкілдеріне жеткізді. Тақырып тауық еті мен күнбағыс майын қамтыған, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

ШҚО кәсіпкерлер палатасының Сауда және қызмет көрсету кеңесінің отырысында әлеуметтік маңызы бар тауарлардың тізбесін, атап айтқанда тауық еті мен күнбағыс майы бойынша нақтылау ұсынылды. 
- ҚР Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиевтің Шығыс Қазақстан облысына жасаған жұмыс сапары хаттамасына сәйкес, өңірдегі сауда кәсіпорындарының қауымдастығы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің тізбесін түсіндіру бойынша ұсыныстар әзірледі, - деді ШҚО кәсіпкерлер палатасының директоры Қайрат Мамырбаев.
«Сауда кәсіпорындары қауымдастығы» өңірлік төрағасы Владимир Бердниктің айтуынша, әлеуметтік маңызы бар тауарлар тізімінде тауық өнімдерін бөлу кезінде жауапты адамдар шатасып кеткен. Соған түсініктеме беру қажет болды. 
- Қазір тауық еті жамбас және жіліншік ретінде тізімде тұр. Біз бөлінбеген жамбас және жіліншік қылып өзгертуді ұсынамыз. Яғни, төрттен бір бөлігі мұздатылған болуы керек, - деді Владимир Бердник.
 Сондай-ақ күнбағыс майын санаттар бойынша бөлу керектігін атап өтті. Бұл жерде шенеуніктер тазартылған және тазартылмаған күнбағыс майын меңзеп отыр (дүкендегі май ассортиментінің 30% әлеуметтік маңызы бар бағамен, яғни үстеме баға 15% болуы керек).
Жиын қорытындысына сәйкес, Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігіне әлеуметтік маңызы бар тауарлар тізбесіне түзетулер енгізу жөнінде ұсыныстар жіберу туралы шешім қабылданды.

Фотосурет ашық дереккөзден

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив