A+ A A-

talgatzhan 51 Бүгін, 10:40 0

ШҚО-да шілде айында ауа райы қалай болады?

ШҚО / Бүгін

Жаздың ең ыстық айы да келді. Бұрынырақта пайда болған тіркестердің тегіннен айтылмағандығына көз жеткіздік синоптиктер болжамына қарап. Шіліңгір, аптап, шыжыған деп сипаттап айтатын сөздер шынымен қолданатындай-ақ екен, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

«Қазгидомет» РМК ақпаратына сенсек, ай бастала салысымен облыс аумағында күн ысиды. Бір ауданда аптап болса, таулы өлкеде орын тепкен елдімекендердің төбесінен жауын сіркірейді. Алғашқы онкүндікте сынап бағанасы бәлендей өзгере қоймайды. Тарбағатай, Зайсан аудандарында күндіз орташа температура +22+25°C, түнде +17+19°C шамасында болмақ. Күршім мен Марқакөлде осымен үндес, Самар ауданында күндіз +25+27°C-қа дейін ысып, түнде +18+20°C-ты көрсетеді деген болжам ұсынды.
Екінші онкүндікте кей ауданда аспанды ала бұлт торлап, ақ жауын жауады. Мәселен, туристер жаппай ағылатын Катонқарағай ауданының бірқатар ауылында, Алтай мен Глубокое аудандарында жаңбыр сілбілейді. Риддерде де жауын жиілейді. Бутаково, Поперечное сынды ауылдар, одан бөлек, кеншілер қаласының өзінде нөсер жаңбыр уақ-уақ құйып өтеді. Тұрғындар айтып отыр, биыл ерекше жаңбырлы жаз. Өткен жылы олай болмаған. Бақшасы барлар үшін суару деген мәселе жоқ.
Үшінші онкүндікте облыстың барлық дерлік ауданында күн ашық болады. Ауа райы хабаршылары Ұлан, Самар, Тарбағатай аудандарында күндіз термометр +30+32°C-қа дейін жетсе, түнде кемі +20°C жылы болады деп жазды. 
Жалпы, шілде айында аймақта күн барынша ысиды. Жауын аз, кейде аспанды қабат бұлт торлап, жазықта жел тұруы мүмкін. Синоптиктер ай бойы аптап болады дегенді алға тартты.
Нұрбек АСҚАРОВ
Фотосурет ашық дереккөзден

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив