A+ A A-

talgatzhan 45 Бүгін, 11:17 0

ШҚО-да 6 491 адам банкроттыққа өтініш берген

ШҚО

«ҚР азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы» Заң 2023 жылғы 3 наурыздан бастап күшіне енгелі бері осы уақытқа дейін Шығыс Қазақстанда соттан тыс банкроттық рәсімін қолдану үшін 6 491 өтініш түскен, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

- Оның ішінде 4 671 өтініш бойынша бас тартылып, 1 078 өтініш қаралып жатыр. Бүгінде 742 адам банкрот деп танылды. Олардың екінші деңгейлі банктерге, микроқаржы ұйымдарына және коллекторлық агенттіктерге 2 млрд 123 млн 572 686 теңге көлеміндегі берешектері есептен шығарылды, - деп хабарлады ШҚО Мемлекеттік кірістер департаментінің баспасөз қызметінен.  
Сот арқылы банкроттық рәсімін азаматтар егер банктерге, микроқаржы ұйымдарына және коллекторлық агенттіктерге берешегі 1600 АЕК-тен асатын болса немесе мүліктері болған жағдайда, қарыз сомасына қарамастан қолдана алады. Бұл мүмкіндікті қолдануға облыс тұрғындарынан 126 өтініш түсті. 
- Оның ішінде 56 өтінішке бас тартылып, 50-і қабылданды, 20-сы сотта қаралып жатыр. Қабылданған 50 өтініштің ішінде 6 іс апелляция сатысында тоқтатылды, 15-і әлі де рәсімде. Ал 29 іс аяқталып, жалпы сомасы 6 млрд 361 млн 852 888 теңге борыштары бар азаматтар банкрот деп танылды, - делінген ақпаратта.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив