A+ A A-

talgatzhan 57 Бүгін, 11:30 0

ШҚО-да ер адам темекі тұқылы үшін салынған айыппұлға шағымданып, сотта жеңіліп қалды

ШҚО / Бүгін

Қоғамдық жерді ластағаны үшін айыппұл арқалаған Риддер тұрғыны полицияның әрекетімен келіспей, сотқа барған болатын, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Бірақ онысынан түк шықпады. Оқиға қалай болды десеңіздер, бірнеше ай бұрын болған жағдайға тоқталайық. Ер адам көктемде ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық турлы кодексінің 434-бабы, 2-тармағына сәйкес (қоғамдық жерді қайталап ластау) әкімшілік жауапкершілікке тартылған болатын. Куәгердің сөзінше, ол Үшінші шағын ауданда темекі тұқылын жерге тастай салған. 
Сот барысында ер адам онысын мойындамады. Темекі тұқылын қоқыс жәшігіне салғанына сенімді болған. Бірақ оқиға туралы ұсынылған бейнежазбалар мен фотосуреттер, куәгердің айтқаны бәрін растады. 
Бұған дейін ер адам дәл осындай қылығы жауапкершілікке тартылған еді. Қателігін қайталап отыр. Соған байланысты жуықта тағайындалған жазасы қаталдау – 78 мың 640 теңге айыппұл салынды. Жасаған шағымы қанағаттандырылмады.
Асыл АЙТБАЕВ

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив