A+ A A-

talgatzhan 27 Кеше, 15:00 0

Түркістандықтар Шығыс Қазақстанға қоныс аудармақ

ШҚО

Облысқа Түркістан облысынан 40 адамнан тұратын үміткерлер делегациясы келеді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Мәлім болғандай, 11–13 шілде аралығында еңбек күші артық өңірлерден еңбек ресурстары тапшы өңірлерге қоныс аудару жөніндегі мемлекеттік бағдарламаны іске асыру аясында Шығыс Қазақстан облысына Түркістан облысынан 40 адамнан тұратын үміткерлер делегациясы келеді. Олар шілденің 11-і күні таңертең сағат 8.00 Қасым Қайсенов кентіне барады. 
Кейінірек Самар, Үлкен Нарын, Марқакөл, Күршім, Тарбағатай, Зайсан және Катонқарағай аудандарындағы өмір сүрудің әлеуметтік-экономикалық жағдайымен, еңбекпен қамтылу мүмкіндіктерімен, инфрақұрылыммен және тұрғын үймен қамтамасыз етілу жағдайымен танысады.
– Бағдарлама аясында аудан әкімдіктерімен, жұмыс берушілермен кездесулер, әлеуметтік нысандар мен тұрғын үй қорын аралау, сондай-ақ бос жұмыс орындары жәрмеңкелері мен ақпараттық-түсіндіру іс-шаралары өткізіледі, – делінген ақпаратта.
Сапардың мақсаты – қабылдаушы өңірдің оң имиджін қалыптастыру, үміткерлердің қоныс аудару туралы шешім қабылдауына ықпал ету, сондай-ақ еңбек ресурстарын теңгерімді орналастыруға және ауылдық аумақтарды дамытуға жәрдемдесу.
Шара ұйымдастырушылары – ШҚО Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы мен Еңбек мобильділігі орталығы.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив