A+ A A-

talgatzhan 0 23-07-2025, 16:00 0

ШҚО-да эпизоотиялық қауіпсіздікті сақтауға 2 млрд теңгеге жуық қаржы бөлінген

ШҚО / Бүгін

Ресми ақпарат Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен жиында айтылды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Облыстық Ветеринария басқармасының басшысы Рамиль Сағандықовтың сөзінше, қазір өңірдегі эпизоотиялық жағдай тұрақты және ветеринариялық қызметтің бақылауында. 
–Облыс аумағында аса қауіпті инфекциялық аурулардың ашық ошақтары тіркелмеген. Жануарлардың аса қауіпті ауруларын алдын алу шаралары диагностикалау және алдын алу жөніндегі бекітілген ветеринариялық-профилактикалық іс-шаралар жоспарына сәйкес жүргізілуде, – деді Рамиль Нығметжанұлы.
Ресми ақпаратқа сенсек, жыл басынан бері облыс аудандарына 3,3 млн доза ветеринариялық препарат жеткізілді, бұл жылдық көлемнің 70,4%-ын құрайды. Эпизоотиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге 1,9 млрд теңге бөлінген.

Фотосурет inbusiness.kz сайтынан

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив