A+ A A-

talgatzhan 37 8-08-2025, 12:00 0

ШҚО-да 1 млрд теңгеге жуық қаржыға мектеп формасы сатып алынады

ШҚО / Бүгін

Ресми ақпаратпен жуықта Білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы Жанғазы Әліпбаев мәлімдеді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

1 тамызда елімізде дәстүрлі республикалық «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы басталды. Ол қыркүйектің 30-на дейін жалғасады.
– Акцияның мақсаты – аз қамтылған, көпбалалы отбасылардан шыққан, жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларды жаңа оқу жылына дайындауға қолдау көрсету және оларды біліммен толық қамту, – деді Жанғазы Әліпбаев.
Акция аясында мектеп формасы, аяқ киім және кеңсе тауарларын сатып алуға көмек көрсетіледі. 
– Биыл облыс бойынша 98 мыңнан астам оқушы мектепке барады, оның ішінде 20 мыңнан астамы «Всеобуч» бағдарламасы бойынша қолдауға ие болады. Бұл мақсатқа облыстық бюджеттен 7,2 млрд теңге бөлінді, соның ішінде 948,5 млн теңге – мектеп формасы мен аяқ киімге арналған, – деді жауапты тұлға.
Анықталғандай, өткен жылы меценаттардың көмегімен 3 100-ден астам балаға 37,9 млн теңгеден астам сомаға көмек көрсетілді. Биыл 600-ден астам демеушіні тартып, 4 000-нан астам балаға қолдау көрсету жоспарлануда.

Фотосурет Egemen.kz сайтынан

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив