A+ A A-

talgatzhan 46 Бүгін, 16:50 0

Жеке инвесторлар салып жатқан үйлер үнемі бақылауда – Самат Қайырдинов

ШҚО / Бүгін

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі  алаңында өткен брифингте ШҚО Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы басшысының орынбасары Самат Қайырдинов айтты, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Анықталғандай, былтыр облыстық Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы құрылыс саласындағы заңдылықтың сақталуын қамтамасыз ету мақсатында 240 жоспардан тыс тексеру жүргізді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 40%-ға көп.

– Тексеру нәтижесінде 181 құқық бұзушылықты жою туралы нұсқама берілді. Сонымен қатар, 691 әкімшілік іс қозғалып, салынған айыппұлдардың жалпы сомасы 177,6 млн теңгеден асты. 2025 жылы құрылыс-монтаж жұмыстарының басталғаны туралы 545 хабарлама қабылданды. Ал пайдалануға берілген нысандарды қабылдау актілерінің саны керісінше азайып, 1702 болды, – деді Самат Қайырдинов.

Одан өзге, басқарма Өскеменде жеке инвестициялар есебінен салынып жатқан көпқабатты тұрғын үйлердің құрылысына тұрақты мониторинг жүргізіп отырғанын да айтты. Бүгінде қала аумағында 36 тұрғын үй кешені салынуда. Осы нысандар бойынша 8 жоспардан тыс тексеру жүргізіліп, 8 құрылыс субъектісі әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

– Өскемен қаласында үлестік құрылысқа қатысты екі проблемалық нысан – «Emeralds» және «Astoria» тұрғын үй кешендері тіркелген. «Emeralds» тұрғын үй кешені бойынша құрылыс тоқтап тұр. Ал «Astoria» кешенінде құрылыс қайта жанданып, нысанды 2026 жылдың екінші тоқсанында аяқтау жоспарланған, – деді басқарма өкілі.

Айта кетейік, 2026 жылдың 1 шілдесінен бастап күшіне енетін жаңа Құрылыс кодексі құрылыс саласын цифрландыруды, бақылауды күшейтуді және сапа стандарттарын арттыруды көздейді. Жаңа кодекске сәйкес, құрылыс нысандарына кемінде 5 жыл, ал негізгі конструктивтік элементтерге 10 жылдық кепілдік мерзім енгізіледі.

Фото: sozmedia.kz

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив