Ресми ақпаратқа сүйенсек, жедел қимыл жасақ өкілдері оларды тәркілеген бойда бірден өртеп жіберген, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Тарбағатай аудандық орман және аңшылық шаруашылығы жедел қимыл жасағының инспекторлары Көкпекті, Тарбағатай аудандық балық инспекциясы өкілдерімен бірлесе, рейд жүргізді. Аталған шара Зайсан көлінің солтүстік-батысындағы тыйым салынған учаскеде жалғасты.
- Осыған сәйкес көлге құрылған 22 тор тәркіленіп, қоқыс төгуге арналған полигонда өртеп жібердік, - делінген ақпаратта.
Пікірлер