A+ A A-

talgatzhan 24 29-10-2024, 11:30 0

Пәтер иелеріне басқа адамды тіркеуден қалай шығаруға болады? ХҚКО мамандары айтып берді

ШҚО / Бүгін

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалы пәтер иелеріне басқа адамды тіркеуден қалай шығаруға болатынын еске салады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Бұл электронды үкімет порталы, екінші деңгейлі банктердің өтініштері арқылы, сондай-ақ Халыққа қызмет көрсету орталығына келу арқылы жүзеге асады.
- Халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы тіркеуден шығарылған жағдайда, тұрғын үй иесіне өзінің жеке куәлігін беру қажет. Осылайша, ХҚКО операторы Тұрғын үй иесін сәйкестендіре алады. Бұдан әрі көрсетілетін қызметті алушы тіркеуден шығарылуға жататын тұрғынның деректерін көрсете отырып, тіркеуден шығару туралы еркін нысанда өтініш жазуы қажет, - деді мамандар.
Содан 30 минут ішінде тіркеуден шығарылады.
 - Естеріңізге сала кетейік, көрсетілетін қызметті алушы халыққа қызмет көрсету орталығына бару уақытын "ХҚКО" мобильдік қосымшасы арқылы брондай алады. Оны Google Play және App Store қосымшасынан жүктеуге болады. Қосымша арқылы электрондық кезек талонын алуға, қызығушылық танытқан ХҚКО-ның орналасқан жерін табуға және өзекті мәселелермен танысуға болатындығын атап өтеміз, - делінген ақпаратта.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив