A+ A A-

talgatzhan 34 30-10-2024, 09:52 0

ШҚО-да көлігіне жалған нөмір таққан жүргізуші қамауға алынды

ШҚО / Риддер / Қылмыс

Шығысқазақстандық астындағы көлігін шетелден алып келіп, оны тіркемеген, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Риддер қаласы әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған соты баспасөз қызметінің мәліметінше, полицейлер қала шегінде бір көлікті тоқтатып, құжатын тексерген. Тексеру барысында автокөліктегі мемлекеттік нөмір жалған болып шықты.
- Сот отырысында сотталушы кінәсін мойындап, көліктің нөмірін тіркеусіз өзі орнатқанын мәлімдеді. Анықталғандай, ол көлікті Грузия мемлекетінен алып келген, - деп хабарлады баспасөз қызметінен.
Құқық бұзушы бес тәулікке қамауға алынып,  5 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылды.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив