A+ A A-

talgatzhan 32 30-10-2024, 12:35 0

«Ауыл - Ел бесігі» бағдарламасы ШҚО елдімекендері үшін қандай экономикалық серпіліс берді?

ШҚО / Бүгін

Осы сұрақты өңір әкімінің бірінші орынбасары Нұрымбет Сақтағанов облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Динара Жұмановаға қойды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Динара Тұрарбекқызының сөзінше, соңғы бес жыл ішінде өңірде 1720 жұмыс орны ашылды. Мемлекет бюджетінен 3,5 млрд теңге қаржы түсті.
- Бес жыл ішінде барлығы 313 шақырым жол жөнделді. 2019 жылы жобаның сәтті жүзеге асуы 55 пайызды көрсетсе, 2023 жылы 70 пайыздан асты. Көше шамдарын жөндеуге көп көңіл бөлінді. Министрлік шығарған статистикаға көз жүгіртсек, ауылдарға қатысты жобаларды жүзеге асыру 65,5 пайыз көрсеткішіне ие болды, - деді басшының міндетін атқарушы.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив