A+ A A-

talgatzhan 32 31-10-2024, 11:00 0

ШҚО-да қараша айында ауа райы қалай болады?

ШҚО / Бүгін

«Қазгидромет» РМК өкілдері күздің соңғы айына арналған ауа райы болжамын ұсынды. Берілген ақпаратқа сүйенсек, былтырмен салыстырғанда осы уақытта күн салыстырмалы түрде жылы болмақ. Бірқатар ауданда қапалақтап қар жаууы күтіледі, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Синоптиктер әдеттегідей 30 күнді үшке бөлу арқылы мәлімет ұсынды. Қаздар қайтып бара жатқан қарашаның бас кезі әлі де болса жылылығын сақтайды. Тіпті, Күршім, Самар, Ұлан аудандарында күндіз +6+8°C, Тарбағатайдың кей ауылдарында +11°C-ты көрсетпек. Жалпы, алғашқы онкүндік бірқатар ауданда жаңбырсыз, қарсыз өткелі тұр. Тек өзгелерден бұрын басын ақ шалатын Алтай, Катонқарағай аудандарында аспанды бұлт торлап, кей елдімекенде қар аралас жаңбыр күтіледі. 
Шынжыр табандысын оталдырып, күзгісалым жер жыртып жүрген диқандардарға да құбылмалы күн райына дайын болғандары абзал. Себебі, қарашаның 8-10 аралығында таулы аймақтардағы ауылдарда ақ жауын сіркіреуі кәдік.
Екінші онкүндікте күндіз сынап бағанасы °C-қа дейін түсуі мүмкін. Дегенмен Өскемен мен Риддер маңы, Ұлан ауданында күндіз +1+3°C аралығында өзгеруі ықтимал. Көп ауданда температура түнде °C-тан -1-3°C-қа дейін төмендейді деп жазылған. Айдың 17-18-і күндері облыста күн суытып, термометр көрсеткіші -6-8°C мөлшерінде төмендеуі ықтимал. Синоптиктер екінші онкүндік соңына қарай көп ауданда қар қапалақтайды деп болжап отыр. Қарашаның 20-25 аралығында Самар, Күршім, Катонқарағай аудандарында қар жауып, Алтай мен Глубокое аудандарында айнала ақ түске енетіндігі көрсетілген. Жалпы, үшінші онкүндік соңына таман бірқатар ауданда температура -20-22°C-қа дейін күрт суытуы мүмкін.
Асыл АЙТБАЕВ (Фотосурет ашық дереккөзден)

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив